Нофлук в растворе — инструкция по применению

Инструкция по применению нофлука в растворе, описание действия препарата, показания к применению раствора нофлука, взаимодействие с другими лекарствами, применение нофлука (раствор) при беременности. Инструкции:
Торговое название: Нофлук
Международное название: Флуконазол
Лекарственная форма: Раствор для инфузий, 2 мг/мл, 100 мл
Показания к применению:
Атс классификация:
J Противомикробные средства для системного применения
J02 Противогрибковые средства для системного применения
J02A Противогрибковые средства для системного применения
J02A C Производные триазола
Фарм. группа:
Противогрибковые препараты для системного использования. Производные триазола. Код АТС J02A C01
Условия хранения:
Хранить в сухом, защищенном от света месте, при температуре не выше 25 °С. Не замораживать. Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения:
3 года. Не использовать после истечения срока годности.
Условия продажи: По рецепту
Описание: Бесцветная или слегка окрашенная прозрачная жидкость.

Состав нофлука в растворе

100 мл раствора содержат
100 мл ерітіндінің құрамында

Активное вещество нофлука

флуконазол 200 мг
200 мг флуконазол

Вспомогательные вещества в нофлуке

натрия хлорид, натрия гидроксид или кислота хлористоводородная, вода для инъекций
натрий хлориді, натрий гидроксиді немесе хлорлы сутегі қышқылы, инъекцияға арналған су

Показания к применению раствора нофлука

  • криптококкоз: криптококковый менингит, криптококковые инфекции легких и кожи; профилактика рецидивов криптококкоза у больных СПИДом, при пересадке органов или в других случаях иммунодефицита
  • генерализованный кандидомикоз: кандидемия, диссеминированный кандидомикоз и другие формы инвазивных кандидозных инфекций (инфекции брюшной полости, эндокарда, глаз, дыхательных и мочевыводящих путей), в том числе у больных, получающих курс цитостатической или иммунодепрессивной терапии, а также при наличии других факторов, предрасполагающих к их развитию – лечение и профилактика
  • кандидомикозы слизистых оболочек: полости рта, глотки, пищевода и неинвазивные бронхолегочные инфекции, кандидурия, кожно-слизистый и хронический пероральный атрофический кандидоз (связанный с ношением зубных протезов)
  • генитальный кандидоз: вагинальный (острый или в хронической рецидивирующей форме), баланит
  • профилактика грибковых инфекций у больных со злокачественными новообразованиями, которые предрасположены к таким инфекциям в результате химиотерапии цитостатиками или лучевой терапии
  • микозы кожы, стоп, кожные кандидозные инфекции, онихомикоз, отрубевидный лишай
  • криптококкозда: криптококктік менингитте, өкпелер мен терінің криптококктік жұқпаларында; ЖИТС-ке шалдыққан науқастарда криптококкоздың қайталануының алдын алуға, ағзаларды ауыстырғанда немесе иммунитет тапшылығының басқа да жағдайларында
  • денеге жайылған кандидомикозда: кандидемияда, диссеминирленген кандидомикозда және инвазивті кандидозды жұқпалардың басқа түрлерінде (құрсақ қуысының, эндокардтың, көздің, тыныс және несеп шығару жолдарының жұқпалары), соның ішінде цитостатикалық немесе иммунодепрессивтік емдеу курсын қабылдап жүрген науқастарда, сондай-ақ олардың дамуына бейім басқа да факторлар болғанда – емдеуге және алдын алуға
  • шырышты қабықтардың кандидомикоздарында: ауыз қуысының, жұтқыншақтың, өңештің және инвазивті емес бронхөкпе жұқпалары, кандидурия, тері-шырышты және созылмалы пероральді атрофиялық кандидозда (тіс протездерін киюге байланысты)
  • генитальді кандидозда: қынаптық (жедел немесе созылмалы қайталанатын түрі), баланитте
  • қатерлі жаңа түзілімдері бар науқастарда зеңді жұқпалардың алдын алуға, олар цитостатиктермен химиялық емдеу немесе сәулемен емдеу нәтижесінде осындай жұқпаларға бейім.
  • тері, табан микоздарында, терінің кандидоздық жұқпаларында, онихомикозда, қабыршақты теміреткіде.

Противопоказания нофлука в растворе

  • повышенная чувствительность к любому из компонентов препарата и к другим производным триазола в анамнезе
  • одновременный прием с терфенадином, цизапридом, астемизолом, эритромицином
  • одновременный прием с препаратами, удлиняющими интервал QT (пимозид, хинидин)
  • тяжелые заболевания сердца
  • беременность и период лактации
  • препараттың кез келген компонентіне және сыртартқыда триазолдың басқа туындыларына жоғары сезімталдық
  • терфенадинмен, цизапридпен, астемизолмен, эритромицинмен бір мезгілде қабылдау
  • QT аралығын ұзартатын препараттармен (пимозид, хинидин) бір мезгілде қабылдау
  • жүректің ауыр сырқаттары
  • жүктілік және лактация кезеңі

Побочные действия раствора нофлука

Часто >1/100 – <1/10
  • головная боль
  • тошнота, рвота, боли в животе, диарея
  • кожные высыпания
  • повышение активности печеночных ферментов (АЛАТ, АСАТ, щелочной фосфатазы)
Нечасто >1/1000 – <1/100
  • анемия, эозинофилия
  • нарушение вкуса, головокружение, парестезия, сонливость, судороги, тремор
  • сухость во рту, нарушение пищеварения, вздутие живота, запоры
  • функциональные нарушения печени, холестаз, желтуха, гепатит, повышение уровня билирубина
  • кожный зуд, гипергидроз
  • мышечные боли
  • усталость, нарушение самочувствия, слабость, повышение температуры
Редко >1/10000 – <1/1000
  • анафилактическая реакция, эксфолиативный дерматит, синдром Стивенса-Джонсона, острый генерализованный экзантематозный пустулез
  • мерцание/трепетание желудочков, удлинение интервала QT
  • гепатотоксичность включая редкие случаи с летальным исходом, печеночная недостаточность, гепатоцеллюлярный некроз, гепатоцеллюлярные повреждения
  • анорексия
  • бессонница
У ВИЧ-инфицированных больных побочные эффекты встречаются чаще (21 %), чем у других больных (13 %), однако, характер побочных эффектов сходен.

Постмаркетинговые исследования:
  • реакции гиперчувствительности (отек Квинке, токсический эпидермальный некролиз)
  • лейкопения (нейтропения и агранулоцитоз), тромбоцитопения
  • гиперхолестеринемия, гипертриглицеридемия, гипокалиемия
  • гепатит, лекарственное поражение печени
  • алопеция
Жиі >1/100 – <1/10
  • бас ауыру
  • жүректің айнуы, құсу, іштің ауыруы, диарея
  • тері бөртпелері
  • бауыр ферменттері (АЛАТ, АСАТ, сілтілік фосфатаза) белсенділігінің жоғарылауы
Жиі емес >1/1000 – <1/100
  • анемия, эозинофилия
  • дәмнің бұзылуы, бас айналу, парестезия, ұйқышылдық, құрысулар, діріл
  • ауыз ішінің құрғауы, ас қорытудың бұзылуы, іштің желденуі, іш қатулар
  • бауыр қызметінің бұзылуы, холестаз, сары ауру, гепатит, билирубин деңгейінің жоғарылауы
  • терінің қышуы, гипергидроз
  • бұлшықеттің ауыруы
  • шаршау, көңіл-күйінің бұзылуы, әлсіздік, температураның жоғарылауы
Сирек >1/10000 – <1/1000
  • анафилактикалық реакция, эксфолиативті дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы, денеге жайылған жедел экзантематозды пустулез
  • қарыншалардың жыпылықтауы/жыбырлауы, QT аралығының ұзаруы
  • гепатоуыттылық, өлім-жітімнің сирек жағдайларын қоса есептегенде, бауыр қызметінің жеткіліксіздігі, гепатоцеллюлярлы некроз, гепатоцеллюлярлы зақымдану
  • анорексия
  • ұйқысыздық
АИВ жұқтырған науқастарда жағымсыз әсерлер басқа науқастарға (13%) қарағанда жиі (21 %) кездеседі, алайда жағымсыз әсерлердің сипаты ұқсас.

Постмаркетингтік зерттеулер:
  • асқын сезімталдық реакциялары (Квинке ісінуі, уытты эпидермальді некролиз)
  • лейкопения (нейтропения және агранулоцитоз), тромбоцитопения
  • гиперхолестеринемия, гипертриглицеридемия, гипокалиемия
  • гепатит, бауырдың дәрілерден зақымдануы
  • алопеция

Особые указания к применению

В отдельных случаях при наличии тяжелого основного заболевания при применении Нофлука отмечали тяжелую гепатотоксичность, вплоть до летального исхода. Однако не удалось определить связь применяемой дозы препарата с продолжительностью терапии, с полом или возрастом больного. Гепатотоксический эффект Нофлука обычно обратим после отмены терапии. У больных во время терапии Нофлуком могут быть изменения функциональных тестов печени, которые необходимо контролировать. Если продолжают терапию, ожидаемую пользу от терапии необходимо сопоставлять с риском развития токсической печеночной недостаточности. При появлении признаков заболевания печени лечение Нофлуком курс необходимо отменить.

Перед началом курса терапии Нофлуком необходимо откорректировать электролитный дисбаланс (гипокалиемия, гипомагниемия, гипокальциемия).

Нофлук в редких случаях может вызывать анафилактические реакции. У больных с приобретенным иммунным дефицитом чаще встречается тяжелая кожная реакция. При появлении сыпи, связанной с лечением поверхностной кожной грибковой инфекции, терапию Нофлуком необходимо отменить. В случае если сыпь появляется у больного, леченного от инвазивного или системного микоза, необходимо постоянно наблюдать за больным, а при появлении пузырчатых поражений кожи или многоформной экссудативной эритемы курс терапии препаратом необходимо прервать.

Нофлук может вызывать удлинение интервала QT. При применении препарата удлинение интервала QT, мерцание/трепетание предсердий отмечали очень редко у больных с множественными факторами риска, такими как органические заболевания сердца, нарушения электролитного баланса и сопутствующая терапия, способствующая развитию подобных нарушений. Поэтому таким пациентам с потенциально проаритмическими состояниями применять Нофлук следует с осторожностью.

При наличии почечной недостаточности, при клиренсе креатинина ниже 50 мл/мин, дозу препарата надо соответственно снижать.

Женщинам в репродуктивном возрасте, при длительном курсе терапии, необходимо использовать надежный метод контрацепции.

Раствор флуконазола для внутривенного введения совместим с: 20% раствором глюкозы, раствором Рингера, раствором калия хлорида в глюкозе, 4,2% раствором натрия бикарбоната, раствором Хартманна, аминофузином.

Несмотря на тот факт, что выраженной несовместимости не наблюдалось, не рекомендуется смешивать флуконазол с прочими растворами.

100 мл инфузионного раствора содержат по 15 ммоль ионов натрия и хлора, что следует учитывать при назначении препарата больным, которым необходимо ограничивать прием натрия и жидкости.

Особенности влияния лекарственного средства на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами
При применении препарата требуется осторожность в управлении транспортными средствами или потенциально опасными механизмами.
Жекелеген жағдайларда негізгі ауыр ауруға Норфлукты қолданған кезде өлім-жітімге дейін әкеп соғатын ауыр гепатоуыттылық байқалды. Алайда препараттың қолданылған дозасының емдеу ұзақтығымен, науқастың жынысымен немесе жасымен байланысын анықтауға мүмкіндік болмады. Нофлуктың гепатоуыттылық әсері емдеуді тоқтатқаннан кейін әдетте қайтымды. Норфлукпен емдеу кезінде науқастарда бауыр қызметінің тесттері өзгеруі мүмкін, оларды бақылап отыру қажет. Егер емдеуді жалғастырса, емдеуден күтілетін пайданы бауыр қызметінің уыттанудан болған жеткіліксіздігінің пайда болу қаупімен салыстыру қажет. Бауыр ауруларының белгілері пайда болған кезде Нофлукпен емдеу курсын тоқтату қажет.

Нофлукпен емдеу курсын бастар алдында электролиттік теңгерімнің бұзылуын (гипокалиемия, гипомагниемия, гипокальциемия) түзету қажет.

Нофлук сирек жағдайларда анафилактикалық реакцияларды тудыруы мүмкін. Қатар жүретін иммундық тапшылығы бар науқастарда ауыр тері реакциясы кездеседі. Терінің беткейлік зеңді жұқпасын емдеуге байланысты бөртпелер пайда болған кезде Нофлукпен емдеуді тоқтату қажет. Егер бөртпе инвазивтік немесе жүйелік микоздан емделген науқаста пайда болса, науқасты ұдайы бақылап отыру қажет, ал теріде күлдіреуік зақымдар немесе көп пішінді экссудативтік эритема пайда болса, препаратпен емдеу курсын тоқтату қажет.

Нофлук QT аралығын ұзартуы мүмкін. Препаратты қолданған кезде QT аралығының ұзаруы, жүрекшелердің жыпылықтауы/жыбырлауы мысалы, жүректің органикалық аурулары, электролиттік теңгерімнің бұзылуы және осындай бұзылулардың пайда болуына мүмкіндік беретін қатар жүргізілетін ем сияқты бірнеше қауіпті факторлары бар. Сондықтан проаритмиялық жағдайдағы осындай емделушілерге Нофлукты абайлап қолданған жөн.

Бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі бар болған кезде, креатинин клиренсі минутына 50 мл-ден төмен болғанда, препарат дозасын тиісінше төмендету керек.

Ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдер ұзақ емдеу курсы кезінде контрацепцияның сенімді әдісін қолдануы қажет.

Көктамыр ішіне енгізуге арналған флуконазол ерітіндісі мыналармен үйлеседі: 20% глюкоза ерітіндісімен, Рингер ерітіндісімен, глюкозадағы калий хлориді ерітіндісімен, 4,2% натрий бикарбонаты ерітіндісімен, Хартманн ерітіндісімен, аминофузинмен.

Айқын үйлесімсіздік фактісінің байқалмағанына қарамастан, флуконазолды басқа ерітінділермен араластырмау керек.

100 мл инфузиялық ерітіндіде 15 ммоль натрий және хлор иондары бар, оны натрий мен сұйықтықты қабылдауды шектеуді қажет ететін науқастарға препаратты тағайындаған кезде ескерген жөн.

Дәрілік заттың көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Препаратты қолданғанда көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқарған кезде сақ болу қажет.

Дозировка и способ применения

Лечение можно начинать до получения результатов микологического или лабораторного исследования; в дальнейшем может возникнуть необходимость в подборе специфической фунгицидной терапии в соответствии с полученными результатами.

Нофлук назначают внутривенно в виде инфузии (максимальная скорость инфузии 10 мл/мин).

Переход от внутривенного на пероральный способ введения и наоборот осуществляется без изменения суточной дозы, т.е. суточная доза не зависит от способа введения препарата. В 100 мл инфузионного раствора содержится 200 мг флуконазола в 0,9 %-ном растворе натрия хлорида с ионным составом, соответствующим 15 ммоль Nа+ и 15 ммоль Сl‾. При состояниях, требующих ограничения поступления в организм натрия или жидкости, следует учитывать ионный состав инфузии.

Суточная доза Нофлука зависит от вида инфекции и её тяжести. Лечение следует продолжать до полного исчезновения симптомов и нормализации лабораторных показателей. Исключение составляет острый кандидоз влагалища, для излечения которого достаточно разового приёма 150 мг Нофлука. Преждевременное прекращение лечения приводит к рецидиву. Обычно криптококковый менингит и рецидивирующий орофарингеальный кандидоз ВИЧ-инфицированных больных требуют длительного лечения.

Взрослым
  • начальная доза при кандидемии, диссеминированном и системном кандидозе составляет 400 мг в первый день, со второго дня 200-400 мг в день. В случае кандидоза, угрожающего жизни, суточная доза может достигать 800 мг, длительность лечения зависит от клинической картины;
  • при криптококковом менингите и криптококковых инфекциях другой локализации в первый день назначают 400 мг, затем 200-400 мг один раз в день не менее 6-8 недель;
  • при жизнеугрожающих инфекциях, вызванных Cryptococcus neoformans разовая доза может составлять 800 мг, продолжительность лечения зависит от клинического эффекта и результата посева культуры;
  • в целях предупреждения рецидива криптококкового менингита у больных с ВИЧ-инфекцией по окончании курса лечения следует перейти на ежедневный приём 200 мг Нофлука длительное время;
  • при орофарингеальном кандидозе обычная суточная доза составляет 50-100 мг, в течение 7-14 дней. При тяжёлых иммуннодефицитных состояниях препарат можно назначать более длительное время;
  • в случае атрофического кандидоза ротовой полости обычная доза составляет 50 мг в течение 14 дней при одновременном применении местных антисептиков;
  • при кандидозах слизистых оболочек другой локализации - эзофагите, неинвазивных бронхопульмональных инфекциях, уретрите обычная суточная доза – 50-100 мг, длительность лечения 14-30 дней;
  • при микозах стоп вызванных дерматофитами, а так же при кандидозе кожи один раз в неделю назначают по 150мг или ежедневно по 50мг. Обычно, курс лечения составляет 2-4 недели, однако, при микозах стоп для лечения может потребоваться 6 недель;
  • при кандидозе кожи один раз в неделю назначают по 150 мг или ежедневно по 50 мг. Курс лечения составляет 2-4 недели;
  • для лечения отрубевидного лишая рекомендуемая суточная доза составляет 50 мг в течение 2-4 недель либо 300 мг один раз в неделю в течение 2 недель, на третьей неделе может потребоваться дополнительная одноразовая доза в 300 мг. В отдельных случаях бывает достаточно однократной дозы в 300-400 мг;
  • для лечения онихомикозов рекомендуется приём 150 мг один раз в неделю; лечение следует продолжать до тех пор, пока поражённая часть ногтя не будет полностью замещена здоровой. Обычно, для этого требуется 3-6 месяцев, для отрастания ногтевой пластинки большого пальца - 6-12 месяцев. Скорость роста ногтевой пластинки с возрастом замедляется;
  • для лечения острого вагинального кандидоза назначается 150 мг внутрь;
  • в случае рецидивирующего вагинального кандидоза курс лечения следует повторить, т.е. в течение последующих 4-12 месяцев вводить внутрь по 150 мг препарата один раз в месяц;
  • для лечения кандидозного баланита внутрь назначается однократная доза в 150 мг;
  • с целью профилактики орофарингеального кандидоза больных ВИЧ-инфекцией по окончании курса лечения каждую неделю назначают по 150 мг препарата длительное время;
  • при состояниях иммунной супрессии профилактику кандидоза проводят ежедневными дозами по 50-400 мг. При повышенном риске системной инфекции, например в случае тяжёлой и продолжительной нейтропении, обычная доза составляет 400 мг. Препарат назначают за несколько дней до вероятного появления нейтропении, а после того, как число нейтрофилов возрастёт до 1000/мм³, продолжают лечение Нофлуком ещё в течение одной недели
Детям с периода новорожденности

Дозировку и длительность курса, как и для взрослых, устанавливают индивидуально в зависимости от клинической картины и результата микологического исследования. Детям нельзя назначать дозы, превышающие максимально допустимую дозу для взрослых.
  • при кандидозе слизистых оболочек в первый день 6 мг/кг веса тела, далее по 3 мг/кг в день;
  • при системном кандидозе или криптококковой инфекции в зависимости от тяжести заболевания требуется 6-12 мг/кг в день;
Детям с нарушением функции почек редуцированная суточная доза рассчитывается по той же схеме, что и для взрослых (см. ниже)

Новорожденным с рождения до 4-х недель

в первые две недели жизни препарат следует назначать в вышеуказанной дозировке каждый третий день, т.е. каждые 72 часа из-за медленного выведения флуконазола из организма новорожденных. На третьей и четвёртой неделе жизни ту же дозу назначают через день, т.е. каждые 48 часов.

Лицам пожилого возраста

При нормальной функции почек назначают обычные дозы. При снижении почечной функции, когда клиренс креатинина < 50 мл/мин, дозы необходимо снизить (см. ниже).

При снижении функции почек (взрослые и дети)

Дозы должны быть уменьшены в зависимости от степени нарушения почечной функции. При однодневном курсе лечения (в случае вагинального кандидоза) дозу не изменяют.

В остальных случаях лечение следует начать с насыщающей дозы, то есть с приёма внутрь 50-400 мг препарата, далее, в зависимости от клиренса креатинина, дозу или частоту приёма рассчитывают по следующей схеме:
Емдеуді микологиялық немесе зертханалық зерттеулер нәтижелері алынғанша бастауға болады; алынған нәтижелерге сай әрі қарай арнайы фунгицидтік ем таңдау қажеттілігі пайда болуы мүмкін.

Нофлукті көктамыр ішіне инфузия түрінде тағайындайды (инфузияның ең жоғары жылдамдығы минутына 10 мл).

Көктамырішілік енгізуден ішу арқылы енгізуге ауысу немесе керісінше ауысу тәуліктік дозаны өзгертпей-ақ жүзеге асырылады, яғни тәуліктік доза препаратты енгізу тәсіліне байланысты емес. 100 мл инфузиялық ерітіндіде құрамы 15 ммоль Nа+ және 15 ммоль Сl‾ иондарына сәйкес келетін 0,9 % натрий хлориді ерітіндісінде 200 мг флуконазол бар. Натрийдің немесе сұйықтықтың организмге түсуін шектеуді қажет ететін жағдайларда инфузияның иондық құрамын ескерген жөн.

Нофлуктің тәуліктік дозасы жұқпаның түріне және ауырлығына байланысты. Емдеуді симптомдар толық жоғалғанша және зертханалық көрсеткіштер қалыпқа келгенше жалғастырған жөн. Ерекшелік қынаптың жедел кандидозында, оны емдеу үшін 150 мг Нофлукті бір рет қабылдау жеткілікті. Емдеуді мезгілінен бұрын тоқтату оның қайталануына әкеп соғады. АИВ жұқтырған науқастарда әдетте криптококктік менингит және қайталанатын орофарингеальді кандидоз ұзақ емдеуді қажет етеді.

Ересектерге
  • кандидемияда, диссеминирленген және жүйелік кандидозда бастапқы доза алғашқы күні 400 мг, екінші күннен бастап күніне 200-400 мг құрайды. Өмірге қатер төндіретін кандидоз жағдайында тәуліктік доза 800 мг-ге дейін жетуі мүмкін, емдеу ұзақтығы клиникалық көрінісіне байланысты;
  • басқа жерге орныққан криптококктік менингитте және криптококктік жұқпаларда алғашқы күні 400 мг, содан кейін күніне бір рет 200-400 мг-нан кем дегенде 6-8 апта тағайындайды;
  • Cryptococcus neoformans әсерінен өмірге қатер төндіретін жұқпаларда бір реттік 800 мг құрауы мүмкін, емдеу ұзақтығы клиникалық әсеріне және өсірінді нәтижесіне байланысты;
  • АИВ жұқпалары бар науқастарда криптококктік менингиттің қайталануына жол бермеу мақсатында емдеу курсының соңында 200 мг Нофлукты ұзақ уақыт күн сайын қабылдауға көшкен жөн;
  • орофарингеальді кандидозда әдеттегі тәуліктік доза 7-14 күн бойы 50-100 мг құрайды. Ауыр иммунитет тапшылығы жағдайларында препаратты өте ұзақ уақытқа тағайындауға болады;
  • ауыз қуысының атрофиялық кандидозында әдеттегі доза жергілікті антисептиктерді бір мезгілде қолданған кезде 14 күн бойы 50 мг құрайды;
  • басқа жерге орныққан шырышты қабық кандидозында - эзофагитте, инвазивтік емес бронхопульмональді жұқпаларда, уретритте әдеттегі тәуліктік доза – 50-100 мг, емдеу ұзақтығы – 14-30 күн;
  • дерматофиттерден болған табан микоздарында, сондай-ақ тері кандидозында аптасына бір рет 150 мг-нан немесе күн сайын 50 мг-нан тағайындайды. Әдетте, емдеу курсы 2-4 аптаны құрайды, алайда табан микоздарында емдеу 6 аптаны қажет етуі мүмкін;
  • тері кандидозында аптасына бір рет 150 мг-нан немесе күн сайын 50 мг-нан тағайындайды. Емдеу курсы 2-4 аптаны құрайды;
  • қабыршақты теміреткіні емдеу үшін ұсынылатын тәуліктік доза 2-4 апта бойы 50 мг немесе 2 апта бойы аптасына бір рет 300 мг құрайды, үшінші аптада қосымша бір реттік 300 мг доза қажет етілуі мүмкін. Жекелеген жағдайларда бір реттік 300-400 мг доза жеткілікті болады;
  • онихомикоздарды емдеу үшін аптасына бір рет 150 мг қабылдау керек; емдеуді тырнақтың зақымданған бөлігі сауына түгел алмасқанша жалғастырған жөн. Әдетте, ол үшін 3-6 ай, бас бармақтың тырнақ пластинкасының өсуі үшін 6-12 ай қажет болуы мүмкін. Тырнақ пластинкасының өсу жылдамдығы жас ұлғайған сайын баяулайды;
  • қынаптық жедел кандидозды емдеу үшін ішке 150 мг тағайындалады;
  • қайталанатын қынаптық кандидоз жағдайында емдеу курсын қайталау керек, яғни кейінгі 4-12 ай ішінде препаратты айына бір рет 150 мг-нан енгізу керек;
  • кандидоздық баланитті емдеу үшін бір реттік 150 мг доза тағайындалады;
  • АИВ жұқтырған науқастарда орофарингеальді кандидоздың алдын алу мақсатында емдеу курсының соңында препаратты ұзақ уақыт әрбір апта сайын 150 мг-нан тағайындайды;
  • иммундық супрессия жағдайларында кандидоздық профилактиканы күн сайын 50-400 мг-дық дозалармен жүргізеді. Жүйелік жұқпалар қаупі жоғары болғанда, мысалы ауыр және ұзаққа созылған нейтропения жағдайында әдеттегі доза 400 мг құрайды. Препаратты пайда болуы мүмкін нейтропениядан бірнеше күн бұрын, ал нейтрофилдер саны 1000/мм³-ге дейін артқаннан кейін Нофлукпен емдеуді тағы бір апта бойы жалғастырады.
Балаларға жаңа туған кезінен бастап

Дозасы және курс ұзақтығы, ересектердегідей, клиникалық көрінісіне және микологиялық зерттеу нәтижелеріне байланысты әр емделушіге жекелей белгіленеді. Балаларға ересектерге рұқсат етілген ең жоғары дозадан артық дозада тағайындауға болмайды.
  • шырышты қабықтардың кандидозында алғашқы күні дене салмағының әр кг-на шаққанда 6 мг-нан, әрі қарай күніне 3 мг-нан;
  • жүйелік кандидозда немесе криптококктік жұқпаларда аурудың ауырлығына байланысты күніне 6-12 мг/кг қажет етіледі;
Бүйрек қызметі бұзылған балаларға редукцияланған тәуліктік доза ересектерге арналған сызбадағыдай есептеледі (төмендегіні қараңыз).

Туғаннан бастап 4 апталыққа дейінгі нәрестелер

Өмірінің алғашқы екі аптасында препаратты жаңа туған нәрестенің организмінен флуконазолдың баяу шығарылуына байланысты, әрбір үшінші күні, яғни әрбір 72 сағат сайын тағайындаған жөн. Өмірінің үшінші және төртінші аптасында осы дозаны күнара, яғни әрбір 48 сағат сайын тағайындайды.

Егде жастағы кісілерге

Бүйрек қызметі қалыпты болғанда әдеттегідей дозаларды тағайындайды. Бүйрек қызметі төмендеп, креатинин клиренсі < 50 мл/мин болған кезде, дозаны төмендету қажет (төмендегіні қараңыз).

Бүйрек қызметі төмендегенде (ересектер және балалар)

Дозалар бүйрек қызметінің бұзылу дәрежесіне байланысты азайтылуы тиіс. Бір күндік емдеу курсында (қынаптық кандидоз жағдайында) дозаны өзгертпейді.

Қалған жағдайларда емдеуді қаныққан дозадан, яғни 50-400 мг препаратты ішуден бастаған жөн, әрі қарай, креатинин клиренсіне байланысты, дозаны немесе қабылдау жиілігін келесі сызба бойынша есептейді:

Взаимодействие с лекарствами

Цизаприд (у больных, одновременно получавших лечение цизапридом и флуконазолом, отмечали нарушения деятельности сердечно-сосудистой системы, включая приступы «torsade de pointes».

Терфенадин (субстрат фермента CYP 3A4). При совместном применении терфенадина и производных триазола отмечались тяжелые нарушения ритма, которые сопровождались удлинением интервала QT. Флуконазол в дозе 400 мг и выше достоверно увеличивает концентрацию терфенадина в крови.

Астемизол (субстрат фермента CYP 3A4). Передозировка астемизолом сопровождается удлинением интервала QT, с тяжелыми сердечными аритмиями, включая приступы «torsade de pointes» или с остановкой сердца. Совместное применение астемизола с флуконазолом противопоказано из-за возможности тяжелой, иногда смертельной побочной реакцией на сердце.

Алфентанил (субстрат фермента CYP 3A4)
При совместном введении 400 мг флуконазола и 20 мкг/кг алфентанила, внутривенно, AUC алфентанила увеличивался на 50 %, а клиренс снижался на 55 %, вероятно вследствие ингибирования фермента CYP 3A4. При совместном применении алфентанила и флуконазола может стать необходимым коррекция дозы препаратов.

Амитриптилин
Флуконазол усиливает действие амитриптилина. При совместном применении флуконазола и нортриптилина (активный метаболит амитриптилина) отмечали увеличение концентрации нортриптилина в плазме крови. Необходимо контролировать уровень амитриптилина в плазме крови и может потребоваться коррекция дозы амитриптилина. Бензодиазепины (короткого времени действия, субстраты фермента CYP 3A4) При совместном пероральном применении 7,5 мг мидазолама и 400 мг флуконазола отмечали значительное увеличение концентрации мидазолама и его психомоторных эффектов. Совместное применение 100 мг флуконазола и 0,25 мг триазолама приводит к увеличению AUC и периода полувыведения триазолама. Может потребоваться коррекция дозы триазолама. Если больным, получающим флуконазол, требуется применение бензодиазепинов, необходимо снижение дозы бензодиазепина и тщательное наблюдение за больными.

Блокаторы кальциевых каналов (антагонисты кальция) (субстрат фермента CYP 3A4)
Некоторые антагонисты кальция (производные дигидропиридинов: нифедипин, израпидин, никардипин, амлодипин и фелодипин) метаболизируются ферментом CYP 3A4. При совместном применении с флуконазолом возможно увеличение концентрации антагонистов кальция в крови и повышение их системного воздействия.

Целекоксиб (субстрат фермента CYP 2C9).
При совместном применении с флуконазолом Сmax и AUC целекоксиба увеличиваются. При совместном применении этих препаратов дозу целекоксиба необходимо снизить на 50 %.

Циклоспорин (субстрат фермента CYP 3A4)
Флуконазол не влияет на концентрацию циклоспорина в плазме крови. Поэтому при совместном применении препарата и циклоспорина целесообразно периодически контролировать уровень циклоспорина в плазме крови.

Диданозин
Совместное применение диданозина и флуконазола не влияло на фармакокинетику и эффективность диданозина. Несмотря на это, целесообразно регулярно контролировать эффективность флуконазола. Желательно провести курс терапии флуконазолом до применения диданозина.

Галофантрин (субстрат фермента CYP 3A4)
Препараты, блокирующие фермент CYP 3A4, могут привести к увеличению концентрации галофантрина в плазме крови.

Ингибиторы ГМГ-КоА-редуктазы (субстрат фермента CYP 2C9 или CYP 3A4)
При совместном применении флуконазола с ингибиторами ГМГ-КоА-редуктазы, метаболизирующимися ферментом CYP 3A4 (например, симвастатин, аторвастатин) или ферментом CYP 2C9 (флувастатин) увеличивается риск развития миопатии. В связи с взаимодействием флувастатина и флуконазола площадь под кривой концентрация-время флувастатина может увеличиваться на 200 %. Необходимо осторожно применять флуконазол совместно с ингибиторами ГМГ-КоА-редуктазы. В этом случае предлагается снизить дозу ингибитора ГМГ-КоА-редуктазы. Необходимо наблюдать за больными для обнаружения признаков миопатии или острого некроза скелетных мышц (рабдомиолиз) и регулярно контролировать уровень креатинкиназы в плазме крови. Курс терапии ингибитором ГМГ-КоА-редуктазы надо прервать, если уровень креатинкиназы значительно увеличивается или отмечаются признаки миопатии или рабдомиолиза.

Пероральные антикоагулянты, производные кумарина (субстрат фермента CYP 2C9)
Флуконазол повышает протромбиновое время при одновременном применении с варфарином. Могут отмечаться осложнения в виде кровотечений (гематомы, носовые, желудочно-кишечные кровотечения, гематурия, мелена). Необходимо регулярно контролировать протромбиновое время у больных, принимающих антикоагулянты и флуконазол.

Лозартан (субстрат фермента CYP 2C9)
Флуконазол тормозит превращение лозартана в активный метаболит, который в большей степени отвечает за антагонизм с рецепторами ангиотензина II. При совместном применении лозартана с флуконазолом, концентрация лозартана увеличивается, снижается концентрация активного метаболита. Поэтому при совместном применении этих препаратов, необходимо наблюдать за больными и регулярно контролировать артериальное давление.

Пероральные контрацептивные средства
При исследовании здоровых женщин прием 50 мг флуконазола не влиял на уровень действующих веществ пероральных комбинированных контрацептивных средств. 200 мг флуконазола увеличивали площадь под кривой концентрация/время (AUC) этинилэстрадиола и левоноргестрела на 40 и 24 %, соответственно. Повторное использование флуконазола в такой дозе, вероятно, не влияет на действие комбинированных пероральных контрацептивных средств.

Фенитоин (субстрат фермента CYP 2C)
При совместном введении 200 мг флуконазола внутривенно и 250 мг фенитоина отмечали увеличение AUC фенитоина на 75 %, а максимальной концентрации на 128 %. При необходимости совместного применения этих препаратов следует регулярно контролировать уровень фенитоина, дозу фенитоина надо снижать во избежание передозировки.

Преднизолон (субстрат фермента CYP 3A4)
У одного пациента, получавшего преднизолон после пересадки почки, отмечали кризис Аддисоновой болезни при завершении трехмесячной терапии флуконазолом. Отмена флуконазола, вероятно, вызывала повышение активности фермента CYP 3A4. Больные, которым проводят продолжительный совместный курс терапии флуконазолом и преднизолоном, должны находиться под наблюдением врача из-за риска развития недостаточности коры надпочечников.

Рифабутин (субстрат фермента CYP 3A4)
При совместном применении флуконазола и рифабутина концентрация рифабутина в плазме крови увеличивается. У больных, получавших совместно рифабутин и флуконазол, отмечали увеит. Необходим постоянный контроль за состоянием больных, получающих рифабутин и флуконазол.

Пероральные антидиабетические средства, производные сульфонилмочевины (субстраты фермента CYP 2C)
При совместном применении флуконазола и производных сульфонилмочевины (хлорпропамид, глибенкламид, глипизид и толбутамид) у здоровых добровольцев отмечали увеличение периода полувыведения производных сульфонилмочевины. При совместном применении этих препаратов необходимо учитывать возможность развития гипогликемии, поэтому рекомендуется частый контроль глюкозы в крови, и соответствующее уменьшение дозы производных сульфонилмочевины.

Такролимус и сиролимус (субстраты фермента CYP 3A4)
При совместном применении такролимуса и флуконазола отмечали увеличение концентрации такролимуса в плазме крови и усиление нефротоксичности. Флуконазол увеличивает плазменную концентрацию сиролимуса. Необходимо проводить тщательный контроль больных, одновременно получающих лечение флуконазолом и такролимусом или сиролимусом.

Теофиллин
Прием 200 мг флуконазола в сутки в течение 14 дней снижает клиренс теофиллина на 18 %. Поэтому при применении больших доз теофиллина совместно с флуконазолом требуется наблюдение за больными, а при появлении признаков передозировки или токсичности теофиллина, дозу теофиллина необходимо снижать.

Триметрексат
Флуконазол препятствует метаболизму триметрексата, что приводит к увеличению концентрации триметрексата в плазме крови. В случае необходимости совместного применения этих препаратов уровень триметрексата необходимо регулярно контролировать и обследовать больного на признаки токсичности триметрексата.

Зидовудин
В двух фармакокинетических испытаниях при совместном применении флуконазола с зидовудином отмечали увеличение площади под кривой концентрация/время зидовудина на 20 и 74 %. Поэтому рекомендуется контролировать уровнь зидовудина в плазме крови и менять его дозировку.

Препараты, вызывающие удлинение интервала QT: в отдельных случаях отмечали, что флуконазол может вызывать удлинение интервала QT, вызывая тяжелые аритмии сердца. Поэтому больным, принимающим препараты, удлиняющие интервал QT, флуконазол противопоказан.

Амфотерицин Б: по данным исследований in vitro и in vivo наблюдается антагонизм между азолами и амфотерицином Б, но клиническое значение этого неизвестно.

Прием пищи, циметидин, антацидные средства, тотальное облучение перед пересадкой костного мозга не влияли на всасывание пероральных форм флуконазола.
Цизаприд (цизапридпен және флуконазолмен емді бір мезгілде қабылдап жүрген науқастарда, «torsade de pointes» ұстамаларын қоса есептегенде, жүрек-қантамыр жүйесі қызметінің бұзылулары білінді.

Терфенадин (CYP 3A4 ферментінің субстраты). Терфенадинді және триазол туындыларын бірге қолданған кезде ырғақтың ауыр бұзылулары білінді, олар QT аралығының ұзаруымен қатар жүрді. Флуконазол 400 мг және одан жоғары дозада қанда терфенадин концентрациясын сөзсіз арттырады.

Астемизол (CYP 3A4 ферментінің субстраты). Астемизолдің артық дозалануы QT аралығының ұзаруымен, жүректің ауыр аритмияларымен, «torsade de pointes» ұстамасын қоса есептегенде, немесе жүректің тоқтап қалуымен қатар жүреді. Жүрекке ауыр, кейде өлім-жітімдік жағымсыз реакцияларды тудыратын болғандықтан, астемизолды флуконазолмен бірге қолдануға болмайды.

Алфентанил (CYP 3A4 ферментінің субстраты)
400 мг флуконазолды және 20 мкг/кг алфентанилді көктамыр ішіне бірге енгізген кезде, алфентанилдің AUC мәні 50 %-ға артты, ал клиренсі 55 %-ға төмендеді, бұл CYP 3A4 ферментінің тежелуі салдарынан болуы мүмкін. Алфентанилді және флуконазолды бірге қолданған кезде препараттар дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Амитриптилин
Флуконазол амитриптилиннің әсерін күшейтеді. Флуконазолды және нортриптилинді (амитриптилиннің белсенді метаболиті) бірге қолданған кезде қан плазмасында нортриптилин концентрациясының артқаны байқалды. Қан плазмасындағы амитриптилин деңгейін бақылау қажет және амитриптилин дозасын түзету қажет етілуі мүмкін.

Бензодиазепиндер (әсер етуі қысқа, CYP 3A4 ферментінің субстраттары)
7,5 мг мидазоламды және 400 мг флуконазолды ішу арқылы бірге қабылдаған кезде мидазолам концентрациясының және оның психомоторлы әсерлерінің едәуір артқаны білінді. 100 мг флуконазолды және 0,25 мг триазоламды бірге қолдану триазоламның AUC және жартылай шығарылу кезеңінің артуына әкеледі. Триазоламның дозасын түзету қажет етілуі мүмкін. Егер флуконазол қабылдап жүрген науқастарға бензодиазепиндерді қолдану қажет етілсе, бензодиазепиннің дозасын төмендету және науқастарды мұқият бақылап отыру қажет.

Кальций өзекшелерінің бөгегіштері (кальций антагонистері) (CYP 3A4 ферментінің субстраты)
Кальцийдің кейбір антагонистері (дигидропиридин туындылары: нифедипин, израпидин, никардипин, амлодипин және фелодипин) CYP 3A4 ферментімен метаболизденеді. Флуконазолмен бірге қолданған кезде қанда кальций антагонистері артуы және олардың жүйелік әсері жоғарылауы мүмкін.

Целекоксиб (CYP 2C9 ферментінің субстраты).
Флуконазолмен бірге қолданған кезде целекоксибтің Сmax және AUC артады. Осы препараттарды бірге қолданған кезде целекоксибтің дозасын 50%-ға төмендету қажет.

Циклоспорин (CYP 3A4 ферментінің субстраты)
Флуконазол қан плазмасында циклоспориннің концентрациясына ықпалын тигізбейді. Сондықтан препаратты және циклоспоринді бірге қолданған кезде қан плазмасында циклоспориннің деңгейін мезгіл-мезгіл бақылап отырған жөн.

Диданозин
Диданозинді және флуконазолды бірге қолдану диданозиннің фармакокинетикасына және тиімділігіне ықпалын тигізген жоқ. Осыған қарамастан, флуконазолдың тиімділігін жүйелі түрде тексеріп отырған жөн. Диданозинді қолданғанға дейін флуконазолмен емдеу курсын жүргізген дұрыс.

Галофантрин (CYP 3A4 ферментінің субстраты)
CYP 3A4 ферментін бөгейтін препараттар қан плазмасында галофантрин концентрациясының артуына әкеп соғуы мүмкін.

ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері (CYP 2C9 немесе CYP 3A4 ферментінің субстраты)
Флуконазолды CYP 3A4 ферментімен (мысалы, симвастатин, аторвастатин) немесе CYP 2C9 ферментімен (флувастатин) метаболизденетін ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерімен бірге қосып қолданған кезде миопатияның пайда болу қаупі артады. Флувастатиннің және флуконазолдың өзара әрекеттесуіне байланысты флувастатиннің концентрация-уақыт қисығы астындағы аудан 200%-ға артуы мүмкін. Флуконазолды ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерімен бірге қолданғанда сақ болу қажет. Мұндай жағдайда ГМГ-КоА-редуктаза тежегішінің дозасын төмендету ұсынылады. Миопатияның немесе қаңқа бұлшықеттерінің жедел некрозының (рабдомиолиз) белгілерін анықтау үшін науқасты бақылауға алу және қан плазмасында креатинкиназа деңгейін жүйелі түрде тексеріп отыру қажет. Егер креатинкиназа деңгейі едәуір артса немесе миопатия немесе рабдомиолиз белгілері білінсе, ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерімен емдеу курсын тоқтату керек.

Ішу арқылы қабылданатын антикоагулянттар, кумарин туындылары (CYP 2C9 ферментінің субстраты)
Флуконазол варфаринмен бірге бір мезгілде қолданылған кезде протромбинді уақытты арттырады. Қан кету түріндегі асқынулар (гематомалар, мұрыннан, асқазан-ішектен қан кетулер, гематурия, мелена) білінуі мүмкін. Антикоагулянттарды және флуконазолды қабылдап жүрген науқастарда протромбин уақытын жүйелі бақылап отыру қажет.

Лозартан (CYP 2C9 ферментінің субстраты)
Флуконазол лозартанның белсенді метаболитке айналуын тежейді, ол ІІ ангиотензин рецепторларымен бірге антагонизміне үлкен дәрежеде жауап береді. Лозартанды флуконазолмен біріктіріп қолданған кезде лозартанның концентрациясы артады, белсенді метаболиттің концентрациясы төмендейді. Сондықтан осы препараттарды біріктіріп қолданған кезде науқасты бақылауға алу және артериялық қысымын жүйелі түрде тексеріп отыру қажет.

Ішу арқылы қабылданатын біріктірілген контрацептивтік дәрілер
Сау әйелдерге жүргізілген зерттеулерде 50 мг флуконазолды қабылдау ішу арқылы қабылданатын біріктірілген контрацептивтік дәрілердің әсер етуші заттарының деңгейіне ықпалын тигізген жоқ. 200 мг флуконазол этинилэстрадиолдың және левоноргестрелдің концентрация/уақыт қисығы астындағы ауданды (AUC), тиісінше, 40%-ға және 24 %-ға арттырды. Флуконазолды осындай дозада қайталап қолданған кезде ішу арқылы қабылданатын біріктірілген контрацептивтік дәрілердің әсеріне ықпалын тигізбейді.

Фенитоин (CYP 2C ферментінің субстраты)
Көктамыр ішіне 200 мг флуконазолды және 250 мг фенитоинды бірге енгізген кезде фенитоинның AUC мәнінің 75 %-ға, ал ең жоғары концентрацияның 128 %-ға артқаны байқалды. Осы препараттарды біріктіріп қолдану қажет болған кезде фенитоин деңгейін жүйелі бақылап отыру, фенитоин дозасы артық дозаланбауы үшін оны төмендеткен жөн.

Преднизолон (CYP 3A4 ферментінің субстраты)
Бүйректі алмастырғаннан кейін преднизолон қабылдаған бір емделушіде флуконазолмен үш айлық емдеуді аяқтаған кезде Аддисон ауруының кризисі байқалды. Флуконазолды тоқтату CYP 3A4 ферментінің белсенділігін арттыруы мүмкін. Флуконазолмен және преднизолонмен біріккен емдеу курсын жалғастырған науқастар, бүйрекүсті безі қабығы қызметінің жеткіліксіздігі қаупіне байланысты, дәрігердің бақылауында болуы тиіс.

Рифабутин (CYP 3A4 ферментінің субстраты)
Флуконазолды және рифабутинді біріктіріп қолданған кезде қан плазмасындағы рифабутиннің концентрациясы артады. Рифабутин мен флуконазолды бірге қабылдаған науқастарда увеит байқалды. Рифабутин мен флуконазол қабылдап жүрген науқастардың жағдайын ұдайы бақылап отыру қажет.

Диабетке қарсы ішу арқылы қолданылатын дәрілер, сульфонилмочевина туындылары (CYP 2C ферментінің субстраты)
Флуконазол мен сульфонилмочевина туындыларын (хлорпропамид, глибенкламид, глипизид және толбутамид) бірге қолданған кезде дені сау адамдарда сульфонилмочевина туындыларының жартылай шығарылу кезеңінің ұлғайғаны байқалды. Осы препараттарды бірге қолданған кезде гипогликемияның пайда болуы мүмкін екендігін ескеру қажет, сондықтан қандағы глюкозаны, және сульфонилмочевина туындылары дозасының тиісінше азаюын жиі тексеріп отыру керек.

Такролимус және сиролимус (CYP 3A4 ферментінің субстраттары)
Такролимус пен флуконазолды бірге қолданған кезде қан плазмасында такролимус концентрациясының артқаны және нефроуыттылықтың күшейгені білінді. Флуконазол сиролимустың плазмалық концентрациясын арттырады. Флуконазолмен және такролимуспен немесе сиролимуспен бір мезгілде ем қабылдап жүрген науқастарға мұқият бақылау жасау қажет.

Теофиллин
14 күн бойы тәулігіне 200 мг флуконазол қабылдау теофиллиннің клиренсін 18 %-ға төмендетеді. Сондықтан теофиллиннің жоғары дозаларын флуконазолмен бірге қолданған кезде науқастың жағдайын бақылауға алу қажет, ал артық дозалану немесе теофиллиннен уыттану белгілері пайда болған кезде теофиллин дозасын төмендету қажет.

Триметрексат
Флуконазол триметрексаттың метаболизміне кедергі жасайды, ол қан плазмасында триметрексат концентрациясының артуына әкеп соғады. Осы препараттарды біріктіріп қолдану қажет болған жағдайда триметрексаттың деңгейін жүйелі түрде бақылап отыру және науқастағы триметрексаттың уыттылық белгілерін тексеру қажет.

Зидовудин
Фармакокинетикалық екі сынақта флуконазолды зидовудинмен біріктіріп қолданған кезде зидовудиннің концентрация/уақыт қисығы астындағы ауданның 20%-ға және 74 %-ға артқаны білінді. Сондықтан қан плазмасындағы зидовудиннің деңгейін бақылау және оның дозасын өзгерту керек.

QT аралығын ұзартатын препараттар: жекелеген жағдайларда флуконазолдың QT аралығын ұзартып, жүректің ауыр аритмияларын тудыратындығы білінді. Сондықтан QT аралығын ұзартатын препараттарды қабылдап жүрген науқастарға флуконазолды қолдануға болмайды.

Б амфотерицин: in vitro және in vivo зерттеу деректері бойынша азолдар мен Б амфотерицин арасында қарама-қайшылықтар байқалады, бірақ мұның клиникалық маңызы белгісіз.

Сүйек кемігін ауыстырар алдында ас, циметидин, антацидтік дәрілер қабылдау, жаппай сәулелендіру флуконазолдың ішу арқылы қабылданатын түрінің сіңуіне ықпалын тигізген жоқ.

Передозировка нофлуком в растворе

Симптомы: тошнота, рвота, диарея, в тяжелых случаях – судороги.

Лечение: отмена препарата, промывание желудка, проведение симптоматической терапии. Форсированный диурез повышает степень элиминации через почки; трёхчасовой гемодиализ снижает концентрацию в плазме на 50%.
Симптомдары: жүректің айнуы, құсу, диарея, ауыр жағдайларда – құрысулар.

Емдеу: препаратты тоқтату, асқазанды шаю, симптоматикалық ем жүргізу. Қарқынды диурез бүйрек арқылы шығарылуын арттырады; үш сағаттық гемодиализ плазмадағы концентрациясын 50%-ға төмендетеді.

Фармакологические свойства

Фармакокинетика

После внутривенного введения флуконазол хорошо проникает в ткани и жидкости организма. Концентрации препарата в слюне и мокроте аналогичны его уровням в плазме крови. У больных с грибковым менингитом содержание флуконазола в спинномозговой жидкости достигает 80% соответствующих уровней в плазме. Концентрации в плазме находятся в прямо пропорциональной зависимости от дозы. 90% равновесной концентрации достигается к 4-5 дню при ежедневном введении 1 раз в сутки.

Применение в первый день дозы, в два раза превышающей обычную суточную дозу, позволяет достичь 90% равновесной концентрации ко второму дню. Кажущийся объем распределения приближается к общему объему воды в организме. С белками плазмы связывается небольшая часть флуконазола (11-12%). Период полувыведения - длительный (30 часов). Флуконазол выводится из организма в основном почками; при этом приблизительно 80% введенной дозы выводится в неизмененном виде. Клиренс флуконазола находится в прямой пропорциональной зависимости от клиренса креатинина. Метаболитов в периферической крови не обнаружено.
Көктамыр ішіне енгізгеннен кейін флуконазол организмнің тіндеріне және сұйықтығына жақсы өтеді. Препараттың сілекейдегі және қақырықтағы концентрациясы оның плазмадағы деңгейіне ұқсас. Зеңдік менингиті бар науқастарда жұлын сұйықтығындағы флуконазолдың мөлшері плазмадағы тиісті деңгейі 80%-ға жетеді. Плазмадағы концентрациясы дозаға тура пропорционалды болады. Күн сайын тәулігіне 1 рет енгізген кезде 4-5-күні тепе-тең 90% концентрацияға жетеді.

Алғашқы күні әдеттегі тәуліктік дозадан екі есе жоғары дозаны қолдану тепе-тең 90% концентрацияға екінші күні жетуге мүмкіндік береді. Таралуының болжаммен алынған көлемі организмдегі судың жалпы көлеміне жақындайды. Плазма ақуыздарымен флуконазолдың аздаған (11-12%) бөлігі байланысады. Жартылай шығарылу кезеңі – ұзақ (30 сағат). Флуконазол организмнен негізінен бүйректер арқылы шығарылады; мұндайда енгізілген дозаның шамамен 80%-ы өзгермеген күйінде шығарылады. Флуконазол клиренсі креатинин клиренсіне тура пропорционал тәуелділікте болады. Шеткергі қанда метаболиттер байқалған жоқ.

Фармакодинамика

Флуконазол – действующее вещество препарата Нофлук относится к триазолам и является противогрибковым препаратом системного действия. В чувствительных к нему грибах флуконазол блокирует цитохром Р450-зависимые энзимы, приводя к нарушению синтеза эргостерола в клеточных мамбранах грибов. Не обладает андрогенной активностью. Препарат активен при микозах, вызванных Candida spp., Cryptococcus neoformans, Microsporum spp., Trichoptyton spp., Blastomyces dermatitidis, Coccidioides immitis и Histoplasma capsulatum.
Флуконазол – Нофлук препаратының әсер етуші заты триазолдарға жатады және зеңге қарсы жүйелік әсер ететін препарат болып табылады. Оған сезімтал саңырауқұлақтарда флуконазол Р450 цитохромға тәуелді энзимдерді бөгеп, саңырауқұлақтардың жасушалық мембраналарында эргостерол синтезінің бұзылуына әкеледі. Андрогендік белсенділігі жоқ. Препарат Candida spp., Cryptococcus neoformans, Microsporum spp., Trichoptyton spp., Blastomyces dermatitidis, Coccidioides immitis және Histoplasma capsulatum болған микоздарда белсенді.

Упаковка и форма выпуска

По 100 мл препарата во флакон из полиэтилена низкой плотности с крышкой из полиэтилена низкой плотности. Флакон в запаянном полиэтиленовом пакете вместе с инструкцией по медицинскому применению на государственном и русском языках помещают в картонную пачку.
Тығыздығы төмен полиэтиленнен жасалған қақпағы бар тығыздығы төмен полиэтиленнен жасалған құтыда препарат 100 мл-ден. Дәнекерленген полиэтилен пакеттегі құты медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.